Сыздауық
Бұл бетте «Сыздауық» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құдай құстай ұшырғасын,
Құлын мүше қыздайсың.
Сыздауықтың ұшындасың –
Сыздайсың-ау, сыздайсың.
Кейде «Алайдың» өзбегіндей
Қармақ тастап тұрасың.
Кейде адайдың сөздеріндей
Қақ маңдайдан ұрасың!
Қарап тұрып қағынасың,
Су шыққандай астыңнан.
Қашан, қай күн жарыласың,
Бітеу жарам, асқынған?
Аз болғандай мекерлігің,
Таусылмады-ау шолжаңың.
…Сыздауықтан бетер бүгін
Солқылдайды сол жағым.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі