Денем – шоқ – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Денем – шоқ» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 717
Денем – шоқ,
Дегбірім жоқ,
Дертім – Өлең.
Кезім көп көше кезіп тентіреген.
Антымен алдаспанның Ажал келсе,
Семсердің өмір сүрем сертіменен!
Өрт тамған өнбойына өзегінен
Ақындар келіп-кетер кезегімен…
Қамалды қабағыммен бұзып-жарып,
Жаманды жазалаймын сөз оғымен!
Кездейсоқ кез болғандар сөз оғына,
Аттанар ақыреттің тозағына.
Жан-ділін жаһаннамға жөнелтерде
Жаһил де көз салмайды жазалыға.
Айналып өлең – дертке,
Дерт – өлеңге,
Арманда шермендеше шер төгем де.
…Жалғанға жалғыз ауыз тіл қата алмай
Жатармын мен де бір күн Жертөлемде…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері