Алакүлік – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Алакүлік» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1025
Хақтан да қаймықпайтын Алакүлік,
Қақпаңда – қабаған ит, қара құлып.
Сен жүрсің ойнастан да олжа тауып,
Мен жүрмін Айлы аспанға қарап ұлып.
Амал не жүріп тұрса сенің құның,
Амал не құрып тұрса менің күнім.
Түркі емес,
Түлкілердің заманында
Түсініп жатыр дейсің кебімді кім?..
Халыққа да,
Жақпақсың ханыңа да,
Əрі дара,
Болғансып əрі дана.
Жер-жаһанды,
Шайтанға мініп алып,
Жеті айналсам, сендей жан табыла ма?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері