Қанар-қанбас қаным бар, – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қанар-қанбас қаным бар,» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 645
Қанар-қанбас қаным бар,
Шығар-шықпас жаным бар.
Қонар-қонбас бағым бар,
Болар-болмас халім бар.
Батар-батпас күнім бар,
Атар-атпас таңым бар.
Таудан биік тағым бар,
Тақ үстінде ханым бар.
Тар қауызда тарыққан
Тағдырымды таныңдар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері