Елес – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Елес» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 727
Бəрі де кеш!
Дүние – қаратүнек,
Жарық емес.
Есіктен жарым түнде сығаламай
Келсе екен
Жарым емес,
Жаныма Елес.
Сол Елес –
Есі-дертім,
Шын ғашығым...
Мен оның мың ғасырлық мұңдасымын.
Сенбесең, сергелдеңге ұшыраған
Жүректің жарыместеу тыңдашы үнін?
Сол Елес –
Бір жоғалып, бір көрінген,
Жұп жазбай көлеңкеммен бірге жүрген...
Жалғаннан жаным қашан жай таппақшы?
Жаратқан,
Сен білмесең,
Білмедім мен...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері