Бұл бетте «Көксеу» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
22.07.2021
0
0
1092
Ей, қара түн!
Жұлдыздарды қылғытқан,
Құтқарсаңшы қу тірлікті құлдықтан?
Алтын айдар ұл туса екен деп едім
Ақиқаттан,
Шырылдаған Шындықтан!
Қайғы қақтап,
Қара жерде мұң қаптап,
Құным емес, күнім кетті қымбаттап.
Шығыс жақтан шығар ма екен Таң-ана,
Алтын айдар бір Сəбиді құндақтап!..
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі