Бұл бетте «Түнгі қонақ» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жанымды түртіп жəй жатқан
Келіп бір қалдың қай жақтан?
Жəннаттың Періштесі ме ең,
Жанарын нұрмен жайнатқан?!
Келсең, кел, мейілің, кет демен,
Есігімді ашшы еппенен.
Жете алмай таңға,
Талaypaп..,
Өзім де азап шеккен ем!
Үркінбе,
Бізден жұрт қашық.
Именбе,
Төрге оз нық басып.
Тарқатшы алтын шашыңды,
Нəр татсын жүрек жұптасып.
Келе ғой, жаным...
Кел бері?..
Кірпігің қандай зерлі еді?!
«Перінің шалығы ұрған...» деп
Сөз етсін, мейілі, ел мені!..
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі