Бұл бетте «Жалғыздық. Жабырқау» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дуылдап думан өтті.
Құдайсынған неме де,
Қу да кетті...
Санам саяқсып,
Салым суға кетті.
Жарқанаттай жармасып,
Жалаң қабырғада жаңғырық қалды.
Жарасымды наз,
Жаймашуақ жаз
Иесін іздеп,
Қуыс үйде қаңғырып қалды.
Не жыларымды,
Не күлерімді білмей далмын.
Түтініне тұншығып түнгі ойлардың,
Тұқылынан төгілген күлге айналдым.
/Беу, менің күндерім-ай, гүлдей балғын!../
...Құдайым-ай, кеше ғана құлың едім,
Енді мен кімге айналдым?
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі