Өлең, жыр, ақындар

Əлдекімге

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 626
Əлдекімге
Сен екенсің серігім, сергелдеңім,
Терезеңе ешкімді теңгермедім.
Қара жерде қаңбақтай қаңғып жүрсем,
Хал-жайымды сұрарсың желден менің.
Сен екенсің серігім, сергелдеңім,
Елсіз, емсіз елесің енді ермегім.
Көкбөрімен алысып арлан басым,
Шетте жүрген шенеусіз шерменде едім.
Сен екенсің серігім, сергелдеңім,
Қыр соңымнан қыддиып ерген менің.
Қу басымда əкеңнің құны бардай
Неге сонша елірдің, ербеңдедің?
Сен екенсің серігім, сергелдеңім,
Көрді қайдам, қалып тұр төрден көңіл...
Хабарыма зар болсаң алда-жалда,
Хал-жайымды сұрарсың елден менің.
...Сен екенсің серігім, сергелдеңім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алпысқа келген ақындар

  • 0
  • 0

Алпысқа келген ақындар, алпысқа келген,
Алау Күн ауып барады талтүстен əрмен.
Алқалы жұрттың алдында айғайшы болып,
Алғыс та алған сендерсің, тартыс та көрген..,

Толық

Əн еркесі – «Алқоңыр»

  • 0
  • 0

«Жазайын ақ қағазға тiзiлдiрiп,
Қалқаға сөз сөйлейiн үзiлдiрiп.
Отырсаң оңаша үйде маслихатпен
Шiркiннiң екi көзiн сүзiлдiрiп...»

Толық

Арзу

  • 0
  • 0

Көңiл шiркiн жасармайды,
Көкiректе – Асан қайғы.
Тоты қыздар көзiне iлмей
Тосырқайды, тосаңдайды.

Толық

Қарап көріңіз