Керемет – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Керемет» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1008
Аспантөрден Ай сəулесі себелеп:
– Нені іздедің, – деді маған, – не керек?
– Іздегенім – көктен, жерден КЕРЕМЕТ.
– Е, солай де... жүрсің оны неге іздеп?
– Ой-санама алмақ едім негіздеп...
– Сонда қалай, бар ма сенде ой-сана?
– Қатынға ұқсап қазбалауды қойсаң, ə?!
– Өзінді-өзің танымасаң, білмесең,
Онда... онда сеніп жүрсің кімге сен?
– Бір Аллаға!!!
Өңгесінің бəрі бос!
– О, жарымес!
О, жарымес!
Жарымес!
– Мезі болдым... менен аулақ, əрі көш!?
– Адам шіркін шынымен-ақ азған-ау,
Сол Алла ғой КЕРЕМЕТІҢ, жазған-ау?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері