Бұл бетте «Өмір!» атты Исраил Сапарбай жазған өмір туралы өлең берілген.
Өмір!
Өтіп барасың бұрылмастан,
Қызық қуып қыздайын Қырым қашқан.
Ашу, басу айтатын шамаң бар ма
Ағайынға иттейін ырылдасқан?
Қырық құрау жүректі,
Қырық жамау
Түңілтетін түбінде түрің бар-ау.
Қабағың бір, қайтейін, ашылмады-ау,
Назарың бір, қайтейін, бұрылмады-ау.
Қара жердің түскенше қорабына
Көз қырыңды салсаңшы «қонағыңа».
Жалғызаяқ жолымды жалғармысың
Жаһан кезген бабалар сорабына...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі