Күйдірдің-ау, құба қыз, қу жүректі –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Күйдірдің-ау, құба қыз, қу жүректі» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күйдірдің-ау, құба қыз, қу жүректі,
Жарым түнде жамылып үлбіректі?..
Көлден ұшып кетті ме көкала үйрек,
Көзімдегі тұп-тұнжыр су дір етті.
Су дір етті...
Сен оны байқамадың,
Ақ білегің айқарған Айқамарым.
Жалғыз сəтін жанымның жалт-жұлт еткен
Енді кімге, құдай-ау, айта аламын?
Жалғыз сəті жанымның – үміт, сезім...
Ұқпадың-ау, қайтейін, жігіт сөзін?
...Саусағыңа сүп-сүйрік қона қалған
Сипай бердім жұтынған жүзік көзін...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі