Не қайыр көктегі айды көксегеннен?
Бұл бетте «Не қайыр көктегі айды көксегеннен?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Не қайыр көктегі айды көксегеннен?
Өзіңді өкпем өшті өкшелеумен...
Ажарын ақ жүзіңнің айтпағанда,
Айналып кетпеймін бе бөксе, белден?!
Сабаздай саратанның салқыны ұрған
Асырдым əннің сазын алты қырдан.
Бейіштің самалындай хош иісті
Айналдым əтір сепкен алқымыңнан!
Дəм татсам тұнығыңнан, шырыныңнан..,
Құтылып кете алмассың құрығымнан.
Тотының тоқсан тоғыз тарауындай
Айналдым мың бұралған бұрымыңнан!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі