Қызғыш құс
Бұл бетте «Қызғыш құс» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Естен неге шықпайсың, естен неге,
Күн түбіне күнə артып көшкен неме?!
Ұқсамайтын түріңнен айналдым-ау,
«Судан таза, сүттен ақ» еш пендеге!
Күнə артқаның бекер-ау, күнə артқаның,
Аржағынан Мұзтаудың мұнартқаным.
Мінсізбін деп ойлайды-ау, мұңсызбын деп
Жүндей түткен жүйкеңді жұраттарың?..
Сені көлден айырған қай қара құс?
Мекенің-ай, мекенің Айдан алыс...
Айтар едім «келші» деп,
Амал қанша,
Арамызда елші жоқ,
Айнала қыс...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі