Бұл бетте «Бұл өмірден» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл өмірден –
Тұл өмірден жалықтым.
Жарық күннің жалғандығын жаңа ұқтым.
Шыбын жанды шығара алмай кеудемнен,
Жарым түнде жанталасқан ғаріппін!..
Бұл өмірден –
Тұл өмірден жалықтым,
Қыр-сырына қияметтің қанықтым...
Ойсыз, мұңсыз,
Айсыз, Күнсіз,
Тас түнек
Тылсымында тұншығайын табыттың!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі