Бұл бетте «Күдік» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қызығы бұл дүниенің қалмағандай,
Көңілді мұң қамайды əлдеқандай...
Атып сап ұясына қонған Күнді,
Əлдекім қанжығасын қандағандай.
Қара бұлт лездемде қанға айналып,
Көкжиек көзден ұшты шалғайланып.
Түн жайлап мынау дүйім дүниені,
Шынымен қалар ма екен жанбай жарық?..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі