Сен кеткелі, Шырақ-ай, сен кеткелі – Есбол Нұрахмет

Бұл бетте «Сен кеткелі, Шырақ-ай, сен кеткелі» атты Есбол Нұрахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 785
Сен кеткелі, Шырақ-ай, сен кеткелі,
Сары уайым санамды шеңбектеді.
Сірә сендей болмайды дүниеде,
Барша қызды жисам да жер-көктегі.

Төрт қабырға – төл түрмем санамды үгіп,
Көп мұңайып отырам, сараң күліп.
Өз-өзімнен абайсыз жымиямын,
Бал мінезің елестеп, балаң қылық.

Ойға оранып, көзімді мұңға малам,
Сенсіз дауа жоқ мүлде мұнда маған.
Көше жаққа қараймын көрінер деп
Қос жанарың есімді шырғалаған.

Амал қанша, бұл үміт – сөнген, өлген,
Сені көрмей бұлайша сенделер ме ем?!
Сені ойлаймын себепсіз,
Мынау ойсыз
Безіп кеткім келеді пенделерден.

Сол жалғыздық саясыз басымдағы,
Күзде түскен тұмандай ашылмады.
Сені ойлаудан бір сәт те босатпайды,
Ақ сағыныш – мендегі асыл қамыт.

Ай да қалқып барады төбемдегі,
Сол жақындау секілді сенен гөрі.
Есіл бойлап еліктей арулар жур,
Өзіңді ойлап мен жүрмін (көрем бе оны).

Түн де жетті түндігін жаба құлай,
Сен жайында сағыныш санада ұдай.
Жалғыздықтан қажыды жаным мына,
Қай жақта жүр екенсің, қарағым-ай?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен кеткелі, Шырақ-ай, сен кеткелі өлеңінің авторы кім?

Есбол Нұрахмет — осы өлеңнің авторы.

Сен кеткелі, Шырақ-ай, сен кеткелі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен кеткелі, Шырақ-ай, сен кеткелі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Нұрахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен кеткелі, Шырақ-ай, сен кеткелі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері