Достарым бар – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Достарым бар» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2021
  • 0
  • 0
  • 762
«Достарым бар»
Қолым қысып,
Аяғыма қарайтын.
Достарым бар
Бас қана изеп,
Қабағыма қарайтын.
«Достарым бар»
Сәл сүрінсем,
Жығылдыға санайтын.
Достарым бар
Жарқын жүрсем,
Арай күнге балайтын.
Бастапқыға
Қабақ берем,
Қайсарлана жымиям,
Соңғысына
Жүрегімді
Жеткізуге тіл ұяң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері