Ғашықпын – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ғашықпын» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 823
Жүрмейінші дейді ой-хой,
Алшаң-алшаң басып кім!
Өтпейінші дейді солай
Бұл өмірден тасып кім!
Ғарыш бойлап, не болмаса,
Тау төңкеріп, асып шың
Құзырынан тағдырының
Құтылады қашып кім!
Алшаң білмес аяғымды
Әдеппен-ақ басыппын,
Бір жығылып, бірде тұрып,
Талай белден асыппын.
Адамдыққа нұқсан атты
Әрекеттен қашықпын.
Мені тағдыр сонда дағы
Арқандауға асықтың.
Мойындаман бірақ сені
Өтсем де от басып мың,
Қиындығы – қымбаттығы
Мен өмірге ғашықпын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғашықпын өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ғашықпын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғашықпын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ғашықпын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері