Адамдар – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Адамдар» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 967
Адамдар әр алуан жаратылған,
Адам бар күн батырып, таң атырған,
Адам бар аймағын өз өнерімен
Баурап ап, топ ішінде дара тұрған.
Адам бар ел тұлғасын биіктеткен,
Адам бар өp тұлғасын сүйікті еткен.
Адам бар ескерткішін өзі қойып,
Өз өмір жолын өзі түйіп кеткен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері