Көлеңке дейміз – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Көлеңке дейміз» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 745
Көлеңке дейміз,
Мәнісін барлап қаралық,
Ақтарар болсақ,
Кетеді талдай таралып.
Күн түскен затқа
Көлеңке түспей қалмайды,
Қайсысы болсын
Мәңгіге бірақ бармайды.
Көңілге шуақ
Түссе ғарышқа самғайды,
Көлеңке түссе,
Ой түнек болып қармайды.
Осындай сәтте
Жақсы әрекеттен қалмайды,
Жасықтың жаны
Үрлесең-дағы жанбайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері