Өлең, жыр, ақындар

Әдебиет мұрасы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Болашаққа қарап мен, ой салар ем,
Қазақ елі — тамырым, асыл емен.
Әдебиетің — мәңгілік қазынаң боп,
Ұрпақтарға қалдырар жазық мекен.

Бабалардан қала кеткен мұраң биік,
Құндылықтар — сарқылмас, жанған биік.
Тілің де бар, дінің де сақтап тұрар,
Мәдениетіңнен алып күш, ұлт телмірер.

Қазақтың рухы ұлы ғой жырларында,
Ертеңгі ұрпақ, биік мына заманда.
Салт-дәстүр мен мәдениет мәңгі жасар,
Болашаққа жол салар өшпес жанға.

Өнерің де, сөзің де болар мәңгі,
Қазақ елі — орның кең, жерің мәнді.
Ұрпақ өсіп, қазынаңды жария етіп,
Құндылықтар жалғасар енді мәңгі.

Ұрпақтарға үлгі боп өткен күндер,
Құндылықтар жалғасып, өмір сүрер,
Тасқа басқан тағылым, тарих терең,
Көш басында қашанда ұлы іздер.

Әдебиет — жүрегің ғой соғып тұрған,
Тарихыңды жыр менен сырғып тыңдар.
Қара сөзде қазына, жырда өмір,
Құндылықтар — байрағың, биік мұнар.

Болашаққа нұр болып шашыларсың,
Қазақ елі, өркендеп көш басарсын. Әдебиетің аманат, сенім соғар,
Ұрпағыңмен бірге сен жасарарсың.

Қара өлең — қасиет, жырдың нұры,
Әдебиет — ұлтымыздың мол азығы.
Құндылықтар жалғасып, өмір сүрер,
Ұрпақтарға мирас боп, жетер жыры.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әдебиет мұрасы өлеңінің авторы кім?

Орашева Саяжан -Сәтбаев қаласы,Абай атындағы №4 мектеп лицейінің 11Ә сынып оқушысы — осы өлеңнің авторы.

Әдебиет мұрасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Әдебиет мұрасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Орашева Саяжан -Сәтбаев қаласы,Абай атындағы №4 мектеп лицейінің 11Ә сынып оқушысы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әдебиет мұрасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері