Жортқан киік секілді – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жортқан киік секілді» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.09.2021
  • 0
  • 0
  • 777
Қараймын да тірліктің сүреңіне,
Ер саламын көңілдің күреңіне.
Жортқан киік секілді пенде, шіркін,
Көреді екен бәрін де жүре­-жүре.
Иек артқан таулардың сілеміне,
Батқан күннің үңілдім реңіне.
Атқан таңның нұрына кеуде тостым,
Тамар ма деп бір тамшы жүрегіме.
Жігіт ем ғой от бүркіп, шоқ шайнаған,
Әлсін­-әлсін неге осы тоқтай қалам?
Жүрегімді зақымдап кетті ме екен,
Ыстық қаным ызадан көп қайнаған?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері