Жыр шашу – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жыр шашу» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 971
Заңды дер достар бүгінгі көңіл тасуын,
Қиналмай жеңген сексеннің заңғар асуын.
Қадірменді аға торқалы мынау тойыңа,
Ерсі ме төксем меруерт жырдың шашуын.
Қаншама өмір жүреді бары сезілмей,
Қайсыбір өмір тозады борпыл бөзіндей,
Өзіңіз, аға, сүйегі берік шын асыл,
Қауымға қымбат, қимас көненің көзіндей.
Жарамай қалған жазуға парақ беттердей,
Қайсыбір өмір сөнеді парыз өткермей.
Ал өзіңізді сан сала еңбек сайысы
Жүйріктей жарау көмбеден алып өткендей.
Жалықпас ұстаз ұрпақтың қамын ойлаған,
Өмірдің мұхит тереңін сүзіп бойлаған.
Тірнектеп гүлдеп бал жиған ара тәрізді,
Өзіндей болар бұл замандағы ойлы адам.
Иіліп қауым, ілтифат тұтып сыйлайды,
Сапекең дейді ізетпен ғана сіз жайлы.
Сыйлата білген ағалық парасатыңыз,
Алдында іні, інілік парыз бұзбайды.
Өміріңіз бар көркі ерекше көктемдей,
Көңіліңіз бар күн мейірімін төккендей,.
Қалпыңыз бар жағасы жайлау қазақтың
Кен сахарасы көз алдымыздан өткендей.
Қалтқысыз аға, бұл көңілдегі шынымыз,
Бірдің ғана емес, ойы деп көптің ұғыңыз.
Біз тілектеспіз, өсер ұрпақтың бағы үшін,
Бір ғасыр өмір биігіне де шығыңыз.
Өріне өнер домалай берсін тасыңыз,
Өрмелеп шыңға биіктей берсін жасыңыз.
Тойыңызға аға, жыр-шашу ала кеп тұрған
Тұрсынхан дейтін ақ жанды қарындасыңыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыр шашу өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жыр шашу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жыр шашу өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жыр шашу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері