Қатпас бұлақ – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қатпас бұлақ» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 628
Бу бүркеніп бұралған Қатпас бұлақ,
Сарқырап ол қиядан жатпас құлап.
Қына тастың түбінен мөлдіреген
Бота көздер ақпанда қатпас бірақ.
Төрт түлік мал мыңғырған маңайында,
(Өскен елдің біткен бақ-талайына.)
Бірден келіп құласа, ылайланбас,
Ырыс-несібе бұл өңір ағайынға.
Болған аймақ халқына құт-береке,
Құт-береке өңірден құт мереке.
Әр төбеден күн сайын алтын қаптап
Алып жатса емес пе ол мереке!
Ыстық едің, анамдай керетін ем,
Сәл ұзасам, сағына келетін ем.
Тамылжыған тамызда жағандағы
Бал құрақтан бүлдірген теретін ем.
Көк майсада көбелек қуатын ем,
Күн нұрымен жүзімді жуатын ең.
Бұрымымды толтырып сарғалдаққа,
Қызғалдақпен қынай бел буатын ем.
Жасыл белдер жұпар сай қызықты ең сен,
Мамырда кеп мал төлін қызықтаушы ем.
Алғаш бие байлаған күнгі кеште
Алтыбақан...
ән сазын үзіп пе ем мен!
Әншіл өзен, сері дөң көзді баурар,
Жібек самал жел ескен қоңыр таулар,
Бір демалыс бұйырмай жүр ғой әзір.
Қысылмай-ақ баурында едім аунар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қатпас бұлақ өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қатпас бұлақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қатпас бұлақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қатпас бұлақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері