Италия бояулары – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Италия бояулары» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 955
Калабрия
Келем бойлап жағаны,
Көрікті өңір көңіл билеп жамалы.
Желпіп жеңіл жетелейді қиялды
Көк теңіздің жайлы жібек самалы.
Нақ төбеден күн қараса күлімдеп,
Аймағында аппақ сағым дірілдеп,
Жер реңі сәтінде сан құбылып,
Бояуларын өзгертеді біртіндеп.
Абайласаң күн төбеден ауғанда,
Алтын арай асылады бар маңға.
Көз ұялтқан ақ торғынды ақ келін
Дерсің мүлде бүктеп жиып алған ба!
Еңкейіп күн ұясына барғанда,
Айналаны қызғылт нұрға малғанға
Ұқсай келіп,
бірте-бірте көгілдір
Нұр қолтықтап ұйып маңай қалғанда.
Кез қыдырып, кезіп арғы жағаны,
(Тек Мессино бөліп тұрған араны.)
Боз діңгектей іліп қойған аспанға
Мұнартады Сицилия аралы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Италия бояулары өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Италия бояулары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Италия бояулары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Италия бояулары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері