Өкініп қалдым – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Өкініп қалдым» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 690
Тек ізет қана,
Жүздесіп, сәлемдесе кетем!
Шаруам жоқ мүлде
Бір түйір бөтен.
Ақынды мансап бұзбайды...
Деп едім ақ көңілімменен,
Мұным, дос, аңқаулық екен...
Сыйлап ем жыр кітабымды,
Көзге ілмей тал-бұта ғұрлы,
Столдың ат шаптырымдай
Шетіне алды да ұрды.
Дегендей не сырмен келдің
Қабағын шытынып тұрды.
Мен біраз абыржып қалдым,
Ұятқа жүзімді қарыдым.
Өзіме кейіп налыдым.
Арылып алдында ардың...
Ақын жоқ мансапқа кез боп,
Бірқатар ғибрат алдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері