Байтақ далам – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Байтақ далам» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1770
О, менің байтақ далам.
Ырысы шайқалмаған!
Қу дала медиен деп
Бұл күнде айтар ма адам!
Ой-қыры, әр қиясы –
Дәулеттің дариясы!
Жүз ұлттың құт мекені,
Ұжмағы жан ұясы.
Еңбекпен таны атқан,
Шаттық әр шаңырақтан
Шалқыған,
береке, бірлік
Ынтымақ халқыма мақтан.
Далама құлпырған бұл
Жетпіс-ақ жыл толып тұр.
Еркіндік, бостандық әкеп
Октябрь құйғалы нұр.
О, менің байтақ далам,
Ырысы шайқалмаған.
Қу дала медиен деп
Бұл күнде айтар ма адам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері