Үйіріп ұйтқыды дауыл – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Үйіріп ұйтқыды дауыл» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 583
Үйіріп ұйтқыды дауыл,
Ұшырды гүл жапырағын.
Домалап күй кешіп ауыр
Кезді ол жер атырабын.
Тау асты,
Орманға барды
Үдеді дауылда сарын.
Жүдеді жапырақ сорлы
Сарқып бар бойында барын.
Ақыры сынды да, тынды
Жамылып өскен жер топырағын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері