Аяймын – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Аяймын» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2021
  • 0
  • 0
  • 653
Кей біреуді аяймын,
Үйірлеу даңқ-атаққа көп.
Кейбіреуді аяймын,
Үйірлеу сән құрмаққа көп.
Кейбіреуді аяймын,
Үйірлеу баянсыз баққа көп.
Кейбіреуді аяймын
Түсетін сәтінде саққа көп.
Кейбіреуді аяймын,
Түседі-ау жер құндаққа деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері