Көп пенен дөп – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Көп пенен дөп» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 537
Тұз қатпасаң, татымсыз,
Төбетің соққан тамағың.
Көп қатын көрші тағы оны,
Кіржие қалсын қабағың.
Аз болса, дәмді дей алмай,
Көп болса, асап жей алмай,
Асыңа алдағы тоя алмай,
Жемей тағы қоя алмай,
Қалпыңды көрші, ой Алла-ай!
Әсіре көптің осылай
Татымсыз келер шағы бар,
Аздың мерей есіріп,
Алары абырой тағы бар.
Көп қорқытып дейді ғой
Тереңге түпсіз батырар.
Дегенінен де әр көптің
Көңілден шығар сәті бар.
Мөлшері бар, мәні бар.
Оны бірге татымас
Көптің қандай сәні бар?
Дөпке тәнті емес кім,
Дөп болғанға не жетсін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көп пенен дөп өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Көп пенен дөп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көп пенен дөп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көп пенен дөп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері