Асқақтама – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Асқақтама» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 803
Ойынды тымсық түсініп,
Тырп еткізбесем кектейсің.
Қақпанға көпті түсіріп,
Бір өзің аман кетпейсің.
Тосқын көп өмірде асқанға,
Құр талпынумен өтпейсің.
Жұлдыздар әдетте аспанда
Бұйырмай тұрса, жетпейсің.
Арқанды сүйеп «асқарға»,
Қарақтағаның арзан ой.
«Мың асқанға, бір тосқан»
Асқақтамағаның абзал ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері