Сумаң сусыл сыртыңнан – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сумаң сусыл сыртыңнан» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 659
Сумаң сусыл сыртыңнан
Бал ашып нені үймейді.
Орақ орып аузымен
Найза ғып тілін түйрейді.
Қисынбай қырға лаққан сөз
Жарға ұрынып күйрейді.
От лаулат мейлің өсектен
Күнәсіз жан күймейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері