Әнім сен – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Әнім сен» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 627
Талдым бойдан тағат кетті
Табындырдың қалқам өзің,
Жан жүрегімді алау етті
Жаудыраған қара көзің.
Ақ нұр тарап жатқан әсем,
Ақ маңдайың — ай қиығы
Сөзің тыңдап дария кешем.
Күміс күлкің жан ұйығы.
Керік жүріс кербезім-ау,
Қалай саған табынбайын.
Назы балдай нәркесім-ау
Қалай сені сағынбайын.
Сенсіз менің кірмес әрім
Үйіресің адам жанын.
Жүрегімде өшпес жалын
Үзбей салар сенсің әнім.
Қартайғанда махаббатты
Жаз дегенің қинады-ау
Үлкен сезім ұндай-ақ
Өлеңіме сыймады-ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері