Без – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Без» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 569
Дүниеге келген адамның
Бар адамдық қарызы.
Ұл әке болып, қыз ана
Өткеру өмір парызы.
Тұңғыш сүйген нәрестең —
Тұңғыш татқан балың.
Бейнетіңнің бәрі естен
Шығар болса да қалың.
Қиындыққа төзбей,
Тән қызығын көздей,
Балының дәмін сезбей,
Тірлігі бар ездей.
Сәбиін қиып бақиға...
Жел ауызға боп оқиға...
Жер басып жүр кей бойжеткен
Сылып тастар бездей.

17.03.1999 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері