Ақиық, аспан шарлап – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Ақиық, аспан шарлап» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.04.2022
  • 0
  • 0
  • 970
Ақиық, аспан шарлап,
Қия аса аласың.
Тау шыңдарына
Ұя саласың!
Жердегі тіршілікті
Биіктен шоласың.
Биіктен ұшып,
Биікке қонасың.
Тіршіліктің
Түр-түсін білесің,
Қасқырын бүріп,
Түлкісін ілесің.
Көгінде дара ұшып,
Дара тұрасың,
Тұғырың — тауың,
Дала — құлашың.
Көз салып саған,
Сан ұйып тұрам,
Қанатыңды бер,
Ей! Ақиық қыран!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері