Жас кезімде жармастыңдар ағалап – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жас кезімде жармастыңдар ағалап» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 683
Жас кезімде жармастыңдар ағалап,
Өз қамдарың, күйіттеп кеп сағалап.
Бүгін пілсіп көкитіндер мені көр
Күн кере алмас кәрі атанға бағалап.
Жас қартаю, жарлы баю заңдылық,
Ал жаманның жақсы болуы — таң қылық.
Алла жерге қаратпайды әуелгі
Жаратқанын аруақты нән қылып.
Балаларды кінәлаймыз жазғырып,
Басымыздан өткендей-ақ аз қылық...
Өзімізге шаң жуытпай өкпелеп,
Әжемізге шағынатын наз қылып.
Қайран ана кешіп бала күнәсін,
Келінінің табатұғын «күнәсін».
Алла әзі жаратқан-ау кінәні,
Кешірімнен табатын ғып ұнасым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері