Ырым – Жанғали Набиуллин

Бұл бетте «Ырым» атты Жанғали Набиуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 1
  • 3980
Үйден де шықпап едім ұзап бүгін,
(Күйбеңмен көрмейміз ғой біз-ақ тыным!)
Жүрегім жалғыздықтан жалықты ма,
Кеудеме сыймай қойды ұзақты күн.
Отырсам серги алмай өзім жартып,
Осы сәт демеген бір сөзің де артық,
Айта ғой, не ырымға бастайды бұл,
Тұр қазір қуанатын көзім тартып...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Қаракөз

Тамаша жырлар

Осы автордың басқа өлеңдері