Қызық болды-ау

Бұл бетте «Қызық болды-ау» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 604
Алабұртып, алқынып, алаңдадым,
Кімді іздеймін, білмеймін, таба алмадым,
Асау тұлпар тәрізді тықыршыған,
Тыным таппай толқыды алау жаным.
Тежемек боп асауды амалдадым,
Сарылсам да емін еш таба алмадым.
Асау баққан қалпыма, алау қаққан,
Шарам болмай тұйыққа қамалғаным.
Қызық болды-ау! Япыр-ай қызық болды-ау!
Ұлы сезім сабырды бұзып болды-ау.
Құйынында құбылып үйіргенде,
Ақылымнан таппадым түзік қолдау.
Ұлы сезім! Сен деген көңіл алаң,
Жүрегіммен сайысқа түсті санам.
Бір кеудеде екі ұдай тілек өрбіп,
Сыйыстырған бар ма екен сірә адам.
Қызық болды-ау!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызық болды-ау өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қызық болды-ау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызық болды-ау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызық болды-ау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері