Ана – Ырысбек Дәбей

Бұл бетте «Ана» атты Ырысбек Дәбей жазған ана туралы өлең берілген.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 728
Ана!
Ағарған әр тал шашыңнан
өзімнің қайғымды көрем,
Жұрттан жасырып төгілген жасың –
ақ қырауға айналып.
Шырылдап көкжиек сімірген
буалдыр тұманға енем,
Дәрменсіз қанаттарым байланып...
Есімде ежелгі ауыл... кекілімді
Күн қақтап ертегіге елітер,
Қаңқу сөздерден алыс сол
мекен түсіме кіреді дәйім.
«Жанашырларымның» «жақын тартқаны»
жанымды өртеп,
«Алаңдатыпты...»
аңдаусыз адасқан жайым...
Арқалап жүрсем арылмас борышым
қалыңдап барады жылмен,
Иенде бүгілдім таңылып өсекке.
Кеше гөр мендік жастықтың
жамалы кірлеп,
Үнсіз күрсініп сапар шегесің
немере жетектеп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері