Хор сипатты қарындас – Мағжан Жұмабаев

Бұл бетте «Хор сипатты қарындас» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Хор сипатты қарындас,
Оттай сұлу, ыстық жас.
Құшақта да, қойныңды аш,
Бұғақтан бір сүйейін!
Мен – көбелек, сен – бір шам,
Өзі келген мен құрбан,
Шамға одан не зиян,
Сүйейін де күйейін!


Пікірлер (1)

Талғат

«Мағжан ағамыздың бұл өлеңі жүректі елжіретеді екен! «Хор сипатты қарындас» деген сөздердің өзі-ақ оттай ыстық сезімді бірден жеткізеді. Көбелек пен шам теңеуі қандай әдемі, қандай терең... Қазақ поэзиясындағы ең нәзік махаббат жырларының бірі деп ойлаймын. Оқыған сайын қайта-қайта оқығың келеді. Bilim-all сайтында осындай асыл мұраларды жинап жүргендеріңізге алғыс! ❤️

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері