Тірілдім
- 0
- 2
Сансыз күндер ой астына көмілдім,
Қор болып ем көңілін таппай көңілдің.
Жаспен жасып, оймен азып-тозып ем,
Өліп едім, бүгін тағы тірілдім.
Бұл бетте «Күміс нұрлы Ай» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бота көз, сиқырлы сөз Гүлсім ханым,
Әр жерде өткізсек те өмір таңын,
Кей уақыт көзіңізге көзім түссе,
Ойнайды аласұрып неге жаным?!
Бір жыл болды сені сүйдім, уладым,
Бауырыңа алдың, неге мені қумадың?
Ессізбін мен: айрылуды ерте ойлап,
Қанды жаспен көзім неге жумадым?!
Айбек
Мағжан Жұмабаевтың «Күміс нұрлы Ай» өлеңін оқып, ақынның сезім әлеміне терең бойладым. Бұл өлең – екі ғашықтың нәзік диалогы. Бірі – құмарлыққа толы, жалынды жас, екіншісі – сабырлы, ойлы, бірақ іштей балқыған жан.