Әрбір істің соңын күтер сабырлы – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Әрбір істің соңын күтер сабырлы» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1881
Әрбір істің соңын күтер сабырлы,
Біткен іс пен піскен жеміс қадірлі.
Отқа түсіп, дастарханға жеткенше
Наннан қымбат емес оның қамыры.
Жапырақ жайып жайқалса да бәйтерек,
Адамдарға көрінбейді тамыры.
Биіктегі жанған шамның, байқасаң,
Дәл қасына түспейді екен жарығы.
От ұлғайса өртке айналар ақыры,
Бар әлемді шарпып кетер жалыны.
Тежеймін деп әуре болма ешқашан
Басылғанша асау аттың арыны.
Кемталанттар балағынан тартса да,
Таланттыны алып шығар дарыны.
Өткен күннен тұрған жоқ па сыр шертіп
Қобыздардың күңіренген сарыны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері