Қорқыныш – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қорқыныш» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 796
Қарашықсыз тұңғиыққа қарадым:
Жалп етті де өшіп қалды жанарым.
Сұғын қадап, суыратын қолқаңды
Кім көріпті Айдаһардың аранын?
Қарашықсыз тұңғиыққа үңілдім,
Үңілдім де тағдырымнан түңілдім:
Қарақшының қаһарына ұрындым,
Қараңғының қармағына іліндім.
Жарық қайда?
Жаратқан-ау, Күн қайда?
Жұлдыз да жоқ,
Көрінбейді түнгі Ай да.
...Шынымен-ақ, жеті түнде бір жендет
Шырылдаған Шындығымды ұрлай ма?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері