Біреу – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Біреу» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 632
Көтеріліп, қомақтанып,
Қоқиланып келесің
Жақсылардың жақсысы деп
Тек өзіңді көресің.
Судыр сөзге шешен-ақсың,
Дәйім әзір кеңесің.
Қас жүйріктер сайыс құрса,
Көрінбейді елесің.
Түймедейін өзге жұрттың
Түйедей ғып тересің.
Осымен-ақ сен өзіңнің
Жайынды айтып бересің.

1961 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері