Пенденің сен «кез келген» бірі емессің – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Пенденің сен «кез келген» бірі емессің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 773
Пенденің сен «кез келген» бірі емессің,
Көз алдымнан кетпейтін тірі елессің.
Досым түгіл, дұшпанға арадағы,
Тартылыстың тағдырын тілемеспін.
Көз алдыңнан кетпейтін тірі елеспін,
Бір иіскеп тастайтын гүл емеспін?
Күле алмаймын, арбасқан біле алмаймын,
Қайтып, қалай бітерін бұл егестің?
Сен аспан да, мен жарық Күн емеспін,
Бірақ, мынау дүниеде сенен өзге,
Күнге ғашық жанымды біле ме, ешкім?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері