Қыз әзілі – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қыз әзілі» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1019
Биікке бір жүгіріп
Шықпақсыз-ау төтемен.
Жүрегіме үңіліп,
Әзілдейсіз, көтерем.
Әзілге артпа үмітті,
Ұсақ әзілде не тұр?
Мазақ етер жігітті
Әлсіз әзіл қыл көпір.
Әзілшілді әзір деп
Жалаң ұғып қалмаңыз,
Жүр екем деп әзілдеп,
Өкпелетіп алмаңыз.

1969 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері