Кейбіреулер көтерілсе аспандап –
Ақылбек Шаяхмет
Бұл бетте «Кейбіреулер көтерілсе аспандап» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кейбіреулер көтерілсе аспандап,
Оларға да болғаным бар баспалдақ.
Залымдардан жәбір көрсем, жас парлап,
Жайсаңдарға дауыс бердім қос қолдап.
Зерттеп жүріп алуан қырын ғаламның,
Санаспадым сөздерімен жаманның.
Ақиқатты айту үшін жаралдым,
Көріп жүрген көп түйткілге алаңмын.
Ойда жоқта қашқан кезде бастан бақ,
Жігерсіздер қиындықтан жасқанбақ.
Жүрген кезде ауаны да бос қармап,
Жолдас жиып, жүрдім жақсы дос таңдап.
Шыңға шықтым құдіретімен қаламның,
Зейін қойдым пікіріне адалдың.
Мерейі үшін, намысы үшін адамның,
Қабырғаға кірпіш болып қаландым.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі