Өлең, жыр, ақындар

Неге тудым

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1500
Бір жетім баланың аузынан
Анамнан жарық көріп туған күннен,
Өмірде сәуле көрмей жүрген бір мен.
Басқадай балдан тәтті тұрмыс іздеп,
Әлі де оның шетін кермей жүрген.
Жарыққа шыр еткенде сор шеңгелдеп,
Анамды жұтты ажал, қорлық көр деп.
Содан бері қабағым бір ашылмай,
Қайғыдан келатырмын қайғыға өрлеп.
Туған күннен төсегім шоқпыт болды,
Көрген күнім үнемі жоқтық болды.
Мен сықылды балалар әкесі бар,
Туғаннан бүгінге ше тоқтық көрді.
Ертелі-кеш күн кештім тамақ аңдып,
Нан іздеп ойға, қырға жүрмін қаңғып.
Кезсем де бақыт іздеп әр ауылды,
Түрім жоқ, сірә, адам бола аларлық.
Бай баласын сүйгенде шешелері,
Жүрегім суық мұзға төселеді:
Менің де сондай сүйер шешем болса,
Көңілім қандай шалқып өсер еді!
Бұл қалыппен өткізіп біраз жылды,
Көріме алып кірермін қайғы, мұңды.
Бар ләззатым: бейшара қабіріме,
Отырып бұлбұл сайрар жазғытұрғы.

1917



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Он алтыда қарындас

  • 0
  • 0

«Большевик күз»
Деген ат тағынғансың,
Он алты мүшеліңді, қарындасым,
Шаттанып құттықтаймын,

Толық

Коммунистік партия

  • 0
  • 0

Өтер айлар, өтер жылдар,
Өтер жүздеп, мыңдап ғасыр.
Көтерілер нелер тыңдар,
Ақтарылар нелер асыл.

Толық

Қарақалпақ

  • 0
  • 0

Қарақалпақ, боз топырақ, мидай дала:
Ол бір кезде өгей боп өскен бала.
Сенсең бөрік ішінен қаны тамып,
Бастары талай жерден болған жара.

Толық