Жазғы күні орманда – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Жазғы күні орманда» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1092
Жасыл шөптің исі мұрын жарады,
Таза ауа исіндірді тамырларды,
Ағаш, шөп, жапырақтар мүлгігендей,
Мың түрлі көркем бояу көздің алды.
Алтын күн ну орманға нұрын септі,
Барлық ағаш иіліп тәжім етті,
Дірілдеген жапырақ арасынан
Көлеңкеге алтынды сәуле етті.
Қарға қарқ, шыпшық шіңк-шіңқ орман ың-жың,
Жақ біткен жаңылмайтын неткен бұл үн!..
Соларға құлақ түрсең, есітсең
Саздарын нешетүрлі тәтті жырдың.
Жерде де құрт-құмырсқа еріп жүрген,
Жәй жүрген жоқ, несібін теріп жүрген,
Бәрі де шат секілді қарап тұрсаң,
Адамдай кемеліне келіп жүрген.
Жаз болды, жаратылыс неткен оңды!
Нені керсең, көңілге түгел қонды.
«Жарқырап жаз келеді» деген мақал
Біздің елдің осындай жазы болды.

1925


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазғы күні орманда өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Жазғы күні орманда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазғы күні орманда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазғы күні орманда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері